Қыркүйекте қазақстандықтардың тұтынушылық сенім индексі 100 пунктке жетіп, баяу түрде төмендеуін жалғастырды. Мұндай жағдай Қазақстанның 3600 тұрғынына телефон арқылы жүргізілген сауалнама негізінде екінші ай қатарынан байқалып отыр. 

Индекстің төмендеуінің басты факторлары соңғы жылдағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне және ірі сатып алулар жасау үшін қолайлы жағдайларға қатысты мәселелер болды. Егер тамызда қазақстандықтардың 18,2 пайызы ел экономикасы қандай да бір дәрежеде жақсарды деп есептесе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 16,4 пайызға дейін төмендеді.

Ең пессимистік өңір Павлодар облысы болды, онда экономикалық жағдайда орын алған өзгерістер индексі 61,9 пунктке жетті, ал 86,6-90,1 пункт жинаған Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстары көшбасшылар қатарында болды. 

"Қазіргі жағдайлардың ірі сауда үшін қолайлы болуы мәселесі бойынша қазақстандықтардың 62,5 пайызы теріс жауап берді. Мұнымен респонденттердің 29,4% ғана келіспеді. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарында жоғарыда аталған үштік: Атырау, Жетісу және Маңғыстау тұр. Тізімдегі соңғы орында Шығыс Қазақстан облысы болды, онда респонденттердің 21 пайызы ғана ірі сатып алулар үшін қолайлы жағдайларды атап өтті", – делінген FFG компаниясының макроэкономикалық зерттеуінде. 


Оқи отырыңыз: "Ұлттық қор – балаларға": бірінші төлем қашан түседі және шоттағы ақшаны қалай бақылауға болады


Жоғарыда аталған екі қосалқы индекстің төмендеуіне қарамастан, құлдырау жеке материалдық жағдайдың өзгеруін күтудің өсуімен біршама "өтелді".

"49,4% қазақстандық бір жыл ішінде материалдық жағдайының жақсаруын күтеді (47,7% – тамызда). Шымкент қаласы көшбасшы атанды. Онда тұрғындардың 60 пайызы жеке материалдық жағдайының жақсаруын күтеді, ал соңғы орынға Шығыс Қазақстан облысы табан тіреді, бұл көрсеткіш 34 пайызға ғана  жетті", – делінген зерттеуде.