+42 градус: демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.“Қазгидромет” РМК синоптиктері Қазақстанда 8, 9 және 10 маусымда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бірқатар аймақта қысқа мерзімді жаңбыр жауады.
Елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта нөсер жауады, күн күркірейді, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Бұл ретте Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа ағыны келеді, соның әсерінен облыстардың көпшілігінде термометрлер 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін көтеріледі.