"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. Осының салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. 

"Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Сонымен қатар жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болуы ықтимал. Түнгі уақытта батыс облыстарда 15-25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 28-37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32-40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда 0-10 градус аяз шамасында болады", – делінген хабарламада.