Милан – Кортина – 2026: Қазақстан құрамасы Олимпиаданы бір алтынмен аяқтады

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
Медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға тұрақтады.

Италияның Верона қаласында Милан – Кортина – 2026 қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Италияда өткен додада отандастарымыз бір алтын медаль жеңіп алып, қысқы Олимпиада тарихындағы екінші үздік көрсеткішін тіркеді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше, медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға тұрақтады. Жалпы есепте көш басында Норвегия тұрды. Екінші орынды АҚШ иеленсе, үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1994 жылы бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, жалпы есепте 12-орын алған болатын. 1998 жылы екі қола жүлде еншіледі. 2002 және 2006 жылдары отандық спортшылар жүлдесіз қалды. 2010 жылы бір күміс, 2014 және 2018 жылдары бір-бір қола медаль жеңіп алды. Ал 2022 жылғы ойындар Қазақстан үшін жүлдесіз аяқталған еді.

Алдағы қысқы Олимпиада ойындары 2030 жылғы 1-17 ақпан аралығында Франция Альпілері аймағында өтеді. Жарыс бағдарламасына шайбалы хоккей, фристайл, сноуборд, бобслей, шана спорты, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және коньки спорты секілді қысқы спорт түрлері енгізілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз