4 және 9-сынып оқушыларының білімін тексеру басталды
БҒМ оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ екенін ескертті.Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова Қазақстан мектептерінің төрттен бірі, яғни 1447 білім ошағында оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталғанын хабарлады. Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталған.
Бұл – білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі.
Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?
"Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған", – деді Шолпан Қаринова.
Оқушылардың білім сапасын сырттай тәуелсіз түрде бағаланады, ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.
Оқи отырыңыз: "ҰБТ қажет емес". Мектеп түлектерінің шетелде оқуына 10 мүмкіндік
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланады.
Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.