БҒМ оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ екенін ескертті.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова Қазақстан мектептерінің төрттен бірі, яғни 1447 білім ошағында оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталғанын хабарлады. Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталған.
Бұл – білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі.
Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?
"Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған", – деді Шолпан Қаринова.
Оқушылардың білім сапасын сырттай тәуелсіз түрде бағаланады, ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.
Оқи отырыңыз: "ҰБТ қажет емес". Мектеп түлектерінің шетелде оқуына 10 мүмкіндік
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланады.
Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
384
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
411
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
325
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
303
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
274
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
264
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
245
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
254
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
200
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
193
-
1
-
2
-