3,7 балл: Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді.
2026 жылғы 5 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10:15-те Алматы облысына қарасты Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, жер асты дүмпуінің эпицентрі:
- солтүстік ендік – 43,76°
- шығыс бойлық – 75,15°
- жер сілкінісінің магнитудасы mpv = 3,7, ал энергетикалық класы K = 8,8 болды.
Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Уәкілетті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.