Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады.

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

31 мамыр:

  • Сағат 21.00. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Onege school, Махамбетәлі Әбдіхамитұлы.
  • Сағат 21.00. Химия (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Химия мектебі, Бауыржан Бақытжанұлы.

2 маусым:

  • Сағат 19.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Sabaq.Online, Ералы Бекзат.

3 маусым:

  • Сағат 16.00. Математикалық сауаттылық (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Sabaq.Online, Алишер Розматов.

Оқи отырыңыз: