Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады.

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

3 мамыр:

  • Сағат 16.00. География (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Joo.kz, Бағила Садықова.
  • Сағат 21.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Тарих мектебі, Оразбек Әбсаттар.

4 мамыр:

  • Сағат 19.30. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Onege school, Махамбетәлі Әбдіхамитұлы.
  • Сағат 20.00. Қазақ тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Алтыншаш Ержанқызы.

Оқи отырыңыз: 


5 мамыр:

  • Сағат 20.00. Қазақ әдебиеті (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Сәрсенбек Бақытұлы.
  • Сағат 20.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Samga Academy, Темірқұл Багтов.

6 мамыр:

  • Сағат 16.00. Математикалық сауаттылық (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Sabaq.Online, Алишер Розматов.
  • Сағат 18.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Sabaq.Online, Ералы Бекзат.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-2023: Үміткерлерді қандай өзгерістер күтіп тұр?