Астана терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ақпаратына сәйкес, бүгін елордада "Нұрлы жол" вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.

"29 сәуірде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалы (Мұхаметжан Тынышбайұлы көшесі, 8) жағдайындағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр", – делінген штаб хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Астанада екі өрт сөндіру бөлімшесі салынады


Жаттығудың мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақындатылған. Сондықтан, теміржол вокзалының қоршауында шектеу шаралары қарастырылған.

"Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", – делінген штаб хабарламасында.