Тікелей эфир

Астанада екі өрт сөндіру бөлімшесі салынады

Өткен жылы 4 облыста өрт сөндіру бөлімшесі құрылды.

Астанадағы Көктал және Үркер шағын аудандарында өрт сөндіру бөлімшесі салынады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қала тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді. 

Өткен жылы еліміздегі Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында және Түркістан облысында 4 өрт сөндіру бөлімшесі құрылды.

"Жыл соңына дейін 18 құрылыс жоспарлануда, оның екеуі Астанадағы Көктал және Үркер шағын аудандарында салынатын болады. Техниканы кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуде" – деді министр.

Сонымен қатар министр биыл өңірлерге 268 арнайы техника сатып алу жоспарланғанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары