"Менің сүйікті дәрігерім" акциясы аясында президент клиникасының дәрігерлері Орал қаласында науқастарды тегін емдейді, деп хабарлайды ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының маркетинг және жарнама бөлімі.

26-27 қазан күндері науқастарды кардиохирург Әлібек Тойбаев және аритмолог Шалқар Смағұлов Орал қаласындағы облыстық кардиологиялық орталықта қабылдайды. Науқастар өзімен бірге келесілерді ала келуі тиіс: 

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • кардиохирургтің қабылдауы үшін: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі және барлық үзінді, тексеру, талдау және тағы басқа;
  • аритмологтың қабылдауы үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы және барлық үзінді, тексеру, талдау және т. б.;

Қабылдау уақыты:

  • 26 қазан: 10:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00);
  • 27 қазан: 09:00-18:00 (үзіліс 13:00-14:00).

Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін +7 (7112) 21 70 19, +7 (7112) 21 73 44 нөмірлеріне хабарласуға болады.