Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516—521 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 25 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 517,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,23 теңге. Еуро — 588,48.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 586—591 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,09—6,30 аралығында саудаланып жатыр.