Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516–522 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 24 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,27 теңге. Еуро — 591,06.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро 590—595 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 596 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15-6,33 аралығында саудаланып жатыр.