"Отандастар" қорының мәліметінше, 2023 жылы 2337 қандас өңірлік квотаға ие болған. 

Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына қоныстанды. Өңірлік квота бойынша қандастарды ең көп қабылдаған облыс – Павлодар облысы. Мұнда 972 қандас қоныстанған. Кейінгі орындарға Қостанай және Ақмола облыстары ие. 

Өңірлік квота бойынша Қазақстанға көшіп келген қандастарға мемлекеттен әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, отбасының әрбір мүшесіне 241 500 теңгеден беріледі. Бір жылға дейін үй жалдау үшін ай сайын 103 500 теңге төленеді. 

"Отандастар" қорының жазуынша, жоғарыда аталған мерзімде 735 қандас тұрақты жұмысқа орналасса, 2126 қандас біржолғы субсидия алған. Ал 694 қандастың тұрғын үй шығындары өтелген. 

Ал 419 отбасыға тұрғын үй алу үшін сомасы 4 миллион теңге болатын сертификат табысталды. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылы қандастар мен қоныс аударушыларға қанша өңірлік квота беріледі