2,2 млн теңге үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жамбыл облысында асыл тұқымды сиырларды ұрлаған адам қолға түсті.38 жастағы тұрғын Алғабас ауылының маңындағы жайылымнан 750 мың теңгенің үш сиырының ұрланғанын хабарлаған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 2,2 млн теңгеден асады, деп хабарлады Polisia.kz. .
Жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 23 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдікті кінәсін толық мойындады. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 188-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мал ұрлығы күз бен қыста көбейеді – сараптама