"Алматы су" компаниясы Алматының екі ауданында уақытша су өшірілетінін хабарлады.

Мәлімет бойынша, 21 сәуір күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін желілердегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Алмалы ауданы аумағында су беру уақытша тоқтатылады.

Су өшірілетін нысандар:

  • "12 месяцев" тұрғын үй кешені;
  • "Райымбек парк" ТК;
  • Life Town ТК;
  • Seyfullin ТК;
  • Индустриальная және Алексеева көшелеріндегі үйлер.

Сонымен қатар уақытша шектеу Жетісу ауданы аумағын да қамтиды. Атап айтқанда, Райымбек даңғылы – Төретай көшесі – Сейфуллин даңғылы – Бұлқышев көшесі аралығындағы квадратта су болмайды.

Компания тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.