Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшеді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
22 қазан түнінде суық су беру тоқтатылады.

Алматыда инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына байланысты бірқатар шағын аудандарда суық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Алматы Су".

Компанияның мәліметінше, 22 қазан күні сағат 23:00-ден 23 қазан күні сағат 05:00-ге дейін төмендегі аумақтарда су болмайды:

  • Абай даңғылы – Саин көшесі – Жандосов көшесі – Қарғалы өзені контурында, оның ішінде "Мамыр 1–7", "Атамекен", "Алмас", "Шабыт", "Жазира", "Қуаныш", "Таугүл" (Ықылас, Цветочная көшелері), "Достық" (Абай даңғылының оңтүстігі) шағын аудандары;
  • Абай даңғылы – Қарғалы өзені – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі аумағы.

Сонымен қатар Абай – Алтынсарин – Шаляпин – Саин көшелері арасындағы 6, 7, 10а және 12-шағын аудандарда су қысымы төмендеуі мүмкін.

Коммуналдық кәсіпорын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындардан түсіністік танытуды өтінді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары