2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады
2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар вагоны жеткізіледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Жаңа пойыз құрамдары келесі бағыттарда қатынайды:
- Астана – Шымкент (№85/86) – 2 құрам;
- Астана – Атырау (№47/48) – 2 құрам;
- Астана – Жезқазған (№65/66) – 1 құрам.
Сонымен қатар 2026 жылғы сәуір айынан бастап Қарағанды – Жезқазған бағыты Ақтауға дейін ұзартылады.
Үкіметтің жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін елімізде шамамен 1000 жолаушылар вагоны жаңғыртылады. Жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асады:
- 2026 жылы – 191 вагон;
- 2027 жылы – 104 вагон;
- 2028 жылы – 105 вагон;
- 2029 жылы – 104 вагон;
- 2030 жылы – 102 вагон.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл шаралар қолданыстағы жолаушылар паркінің 90%-ын жаңартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, 2026–2028 жылдары әуе қатынасын дамытуға қосымша қаражат бөлінуі жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ақтау – Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл және Тараз бағыттарындағы әуе рейстері қолдауға ие болады.