2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
2026 жылы елге 91 жаңа жолаушылар вагоны жеткізіледі.

2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар вагоны жеткізіледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Жаңа пойыз құрамдары келесі бағыттарда қатынайды:

  • Астана – Шымкент (№85/86) – 2 құрам;
  • Астана – Атырау (№47/48) – 2 құрам;
  • Астана – Жезқазған (№65/66) – 1 құрам.

Сонымен қатар 2026 жылғы сәуір айынан бастап Қарағанды – Жезқазған бағыты Ақтауға дейін ұзартылады.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін елімізде шамамен 1000 жолаушылар вагоны жаңғыртылады. Жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асады:

  • 2026 жылы – 191 вагон;
  • 2027 жылы – 104 вагон;
  • 2028 жылы – 105 вагон;
  • 2029 жылы – 104 вагон;
  • 2030 жылы – 102 вагон.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл шаралар қолданыстағы жолаушылар паркінің 90%-ын жаңартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2026–2028 жылдары әуе қатынасын дамытуға қосымша қаражат бөлінуі жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ақтау – Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл және Тараз бағыттарындағы әуе рейстері қолдауға ие болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары