Дәстүрге айналған PHDays Fest бүкіл отбасына арналған киберқауіпсіздік және технологиялар бойынша халықаралық фестиваль 2026 жылғы 28-30 мамыр аралығында өтеді. Бұл туралы Positive Hack Days Media Telegram арнасы хабарлады. 

Positive Technologies компаниясы Positive Hack Days жыл сайынғы халықаралық форумын 2011 жылдан бері өткізіп келеді. Шара ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік сарапшыларының, сондай-ақ, мемлекет пен бизнес өкілдерінің басын қосады. 

2026 жылы фестивальде спикер болғысы келетіндер 9 наурызға дейін өтініш бере алады

Фото: Positive Hack Days Media

Ал фестиваль бағдарламасы ресми сайтта 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланады. 

Еске салайық, биылғы фестивальге әлемнің 40 елінен 150 мыңнан астам адам жиналған болатын. Ол туралы материалдарды төмендегі сілтемелер арқылы өтіп оқуға болады.