20206 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің сайты

Оның ішінде: 

  • 700 запастағы офицер Қарулы күштер;
  • 80 офицер Шекара қызметі;
  • 64 офицер Ұлттық ұлан;
  • 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігінің құзырына жіберіледі. 

"Шақыру авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радио-техникалық, әскери-тасымалдау, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары секілді ең қажетті әскери есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, денсаулығы жарамды, қажетті әскери есептік мамандығы бар 29 жасқа дейінгі, ал медициналық мамандықтар бойынша 32 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылады", – делінген хабарламада.

Әскери қызмет атқару кезінде офицерлер жалақы алады, тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Министрліктің ақпаратынша, хабарлама алған запастағы офицер дер кезінде жергілікті әскери басқару органына жеке куәлігі мен әскери билетін (бар болса) алып келуі тиіс. Шақырылудан кейінге қалдыру отбасы жағдайлары, білім алу немесе денсаулық жағдайына байланысты шақырылу комиссиясының шешімімен берілуі мүмкін.