2025 жылы Қазақстанда бірқатар жолды жөндеу кезінде SuperPave ("суперасфальт") технологиясы қолданылатын болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазжолҒЗИ" АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев мәлімдеді.

SuperPave – АҚШ пен басқа да елдерде кеңінен қолданылатын асфальтбетон жабындарын жобалау технологиясы. Ерік Әмірбаевтің айтуынша, бұл әдіс жол төзімділігін арттырып, олардың күтіміне кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Жол-құрылыс маусымында SuperPave технологиясы мына учаскелерде қолданылмақ:

  • Қонаев – Күрті жолының реконструкциясы (1 км);  
  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті жолының реконструкциясы (1 км);  
  • Алматы – Көкпек – Шонжа – Көктал – Қорғас жолының орташа жөндеуі (1 км);  
  • Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты жолының (Шетпеге кіреберіс және Жетібай арқылы өтетін бөлігін қоса алғанда) орташа жөндеуі (1 км);  
  • Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка жолының орташа жөндеуі (1 км);  
  • Алматы – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы жолының орташа жөндеуі (1 км);  
  • Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы жолының күрделі жөндеуі (1 км).  

Аталған учаскелер таңдалғанда климаттық ерекшеліктер ескерілген.