2025 жылы Қазақстанда бірқатар жолды жөндеу кезінде SuperPave ("суперасфальт") технологиясы қолданылатын болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазжолҒЗИ" АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев мәлімдеді.
SuperPave – АҚШ пен басқа да елдерде кеңінен қолданылатын асфальтбетон жабындарын жобалау технологиясы. Ерік Әмірбаевтің айтуынша, бұл әдіс жол төзімділігін арттырып, олардың күтіміне кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жол-құрылыс маусымында SuperPave технологиясы мына учаскелерде қолданылмақ:
- Қонаев – Күрті жолының реконструкциясы (1 км);
- Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті жолының реконструкциясы (1 км);
- Алматы – Көкпек – Шонжа – Көктал – Қорғас жолының орташа жөндеуі (1 км);
- Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты жолының (Шетпеге кіреберіс және Жетібай арқылы өтетін бөлігін қоса алғанда) орташа жөндеуі (1 км);
- Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка жолының орташа жөндеуі (1 км);
- Алматы – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы жолының орташа жөндеуі (1 км);
- Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы жолының күрделі жөндеуі (1 км).
Аталған учаскелер таңдалғанда климаттық ерекшеліктер ескерілген.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07