2025 жылғы Президенттік арнаулы әдеби сыйлық иелері белгілі болды
Биыл үздік қаламгерлер үшінші мәрте анықталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде қаулыға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттік арнаулы әдеби сыйлық иелері:
- "Проза" номинациясы: "Тергеуші" туындысы үшін Арман Әлменбет;
- "Поэзия" номинациясы: "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Есжанов;
- "Драматургия" номинациясы: "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Мұстафиев;
- "Балалар әдебиеті" номинациясы: "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Тілегенов.
Еске салайық, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық биыл үшінші мәрте беріліп отыр. Ол жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатын көздейді. Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер үміткер бола алады.