Жас қаламгерлерге арналған Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім 15 наурыздан бастап қабылданады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Өтінім "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қабылданады.

Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында үшінші рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады.

Өтінім:

  • "Проза"; 
  • "Поэзия";
  • "Драматургия";
  • "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қабылданады. 

Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.

Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.


Оқи отырыңыз: Жас жазушылар мен ақындар Президенттік әдеби сыйлыққа ие болды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары