2025 жылдың 1 қаңтардан бастап FlyArystan әуе компаниясының билеттеріндегі код KC-ден FS-ке өзгереді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

KC кодын бұған дейін Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары ортақ пайдаланып келген болатын. 

"Әуе компаниялары авиация саласында бірегей сәйкестендіру үшін IATA кодтарын пайдаланады. Жаңа кодты қабылдау FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі туралы біздің стратегиялық шешімімізге байланысты. Жолаушылар саяхаттың барлық кезеңдерінде – мобильді қосымша мен веб-сайт арқылы брондаудан бастап әуежайда және үшінші тарап платформаларында тіркеуден өтуге дейін "KC"-ден "FS"-ке кодтың өзгеренін көре алады. Сонымен қатар, билет нөмірінің префиксі (алғашқы үш сан) 465-тен 164-ке өзгереді. Басқа рәсімдер өзгеріссіз қалады", – деді FlyArystan президенті Ричард Леджер.


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, 2024 жылғы сәуірде FlyArystan коммерциялық мақсатта жолаушылар тасымалы құқығын растайтын маңызды құжат – әуе тасымалдаушы сертификатын (AOC) алған болатын. Компания аталған айда Air Astana-дан бөліну рәсімін аяқтады. Дегенмен, Көлік министрлігінің түсіндіруінше, FlyArystan Air Astana-ның 100 пайыз еншілес компаниясы болып қала береді