2024 жылы Қазақстанда 200 мың адам қаржылық сауатын арттырады
Ақпанда Астана, Алматы, Шымкент пен облыс орталықтарында "Қарызсыз қоғам" оқу курсы басталады.Президент тапсырмасы бойынша биыл "Қарызсыз қоғам" оқу курсын Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оқу курстары ақпан айында бастау алады және облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар үш қалада өтеді.
Биылғы жоспар бойынша, 200 мыңнан астам адам "Қарызсыз қоғам" жобасына қатысады. Оларды оқыту үшін 150 қаржы сарапшысы дайындалмақ.
Курсқа қатысушыларды іріктеуде несиесінің өтеу мерзімі үш айдан асып кеткен азаматтарға басымдық беріледі.
Ал таяу болашақта жоба аясында білім платформасын іске қосу жоспарланып отыр. Ол ЖОО және колледж студенттері мен мектеп оқушыларының да білім алуына жол ашады. Ол үшін арнайы әдістеме мен оқу құралдары әзірленбек.
Платформа іске қосылғаннан кейін ол 450 мың оқушы мен 100 мың студентті қаржылық сауат негіздеріне оқытуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: "Қарызсыз қоғам" қаржы сауатын арттыру жобасы үкіметтік деңгейге өтеді