2024 жылдан бастап Қазақстанда автокөліктерді сақтандыру құны өзгереді
Енді сақтандыру бағасы өңірге қарай бекітіледі.Компаниялар жылына бір мәрте сақтандыру құнын түзетіп отыруға құқылы, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Келесі жылы еліміздің 11 өңірінде баға төмендейді. Мысалы, Алматы қаласында сақтандыру құны 18%, Атырау облысында 29% арзандатылады. Ал, жеті өңірде тариф көтерілуі мүмкін. Мәселен, Астана қаласында баға 5%, Шымкентте 9% қымбаттайды.
Оқи отырыңыз: "4 құжат қажет": Шетелдік көліктерді заңдастыру туралы 15 сұраққа жауап