2023 жылы Атырау мен Маңғыстау түлектеріне 3 мың білім беру гранты бөлінеді. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

Еске салайық, "Атырау-Маңғыстау" мақсатты гранты 2022 жылы енгізілді. Оның мақсаты – тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші ЖОО-ларда оқыту.

Грант конкурсына екі облыстың ҰБТ-дан шекті балл жинаған түлектері қатыса алады.