Запастағы офицерлерді әскерге шақыру 2023 жылы да жалғасады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Қорғаныс министрлігі 2023 жылы запастағы 345 офицерді әскерге шақыруды жоспарлап отыр. Олар келесі әскери құрылымдарға тартылады:

  • ҚР Қарулы күштеріне – 260 адам;
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 60 адам;
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 адам;
  • ҚР Ұлттық ұланына – 9 адам.

Заң бойынша әскерге 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.


Оқи отырыңыз: Қарулы күштер ардагері: Әскерге шақыру жасын 27-ден 30-ға көтеру қажет


Еске салайық, 2022 жылы 190 офицер әскер қатарына шақыру жүргізілді. Олардың 150-і Қарулы күштер қатарына, 40 офицер ҰҚК Шекара қызметіне тартылды.

Қаулы жобасы 27 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.