Технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.

"Техникалық карталарға сәйкес нақты кейстерді оқыту неғұрлым сапалы өнім немесе шикізат өндіруге мүмкіндік береді және кепілді өткізуді қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде ауыл халқының табысын арттыруға ықпал ететін болады. Осының аясында Ұлттық палата биыл аудандардың мамандануын айқындау және аудандардың мастер-жоспарларын әзірлеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту, сауалнама жүргізу үшін аудандардың (42 аудан) тізбесін айқындауды ұсынды", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Бағалы қағаз сатып алу арқылы қалай пайда табуға болады?


Ұлттық жобаға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралықта "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке кәсібін ашқан кәсіпкерлердің үлесін 35%-дан 60%-ға дейін көтеруді көздеп отырғанын айтты.  

Алдағы жылы "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру шеңберінде Atameken Academy онлайн-оқыту платформасында өтінім беру кезінде ЭЦҚ арқылы авторизациялау, қатысушыларды кезеңдер бойынша бөлуді автоматтандыру сияқты бірқатар өзгерістер орын алады. Оқуды іске асыру процесінде – онлайн өтінім беру, қатысушы статусын верификациялау арқылы жолдамаларды беру кезеңін алып тастау енгізіліп жатыр.