Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 495–500 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 20 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 497,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге. Еуро — 525,21.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге. Еуро 523,5—528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.