2 балл. Алматы маңында тағы жер сілкінді
Бірнеше сағат ішінде екі рет жер сілкінді.
Жетісу облысында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жер дүмпуі бүгін Астана уақытымен сағат 13:23-те болған. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Сілкініс Жаркент қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.
Айта кетейік, бұған дейін бүгін сағат 11:11-де де өңірде жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасып, қуаты да шамамен 2 балл болған.
Сонымен қатар, сейсмологтар 31 наурызға қараған түні де осы аймақта жер асты дүмпулері тіркелгенін хабарлады.