Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Қазақстанда 2-6 жас аралығындағы балалардың 57,7 пайызы балабақшаға баратынын мәлімдеді. Ал әдістемелік есеп бойынша, яғни балабақшаға кезекте тұрғандар арасындағы балабақшамен қамту үлесі 88 пайызды құрайды.

"Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу міндетті емес білім беру түрі болып саналады. "Білім туралы" заңда мектепке дейінгі дайындық жұмыстары отбасында, балабақшада, мекепалды даярлық топтарында жүргізілетіні жазылған", – деді Шолпан Қаринова.


Оқи отырыңыз: Президент: Балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға баратынын айтқан болатын.

"Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды", – деген болатын президент.