2025 жылғы 17-18 0азан аралығында педагогтердің білімін бағалау емтиханы өтеді, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 

Оған осы айдың 13-16 қазан аралығында өтініш берген мұғалімдер қатыса алады. 

Еске салайық, тестілеуден келесі педагогтер өте алады:

  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
  • педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);
  • жұмыс істейтін педагогтер  екінші мүмкіндігі үшін (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг). 

Педагогтерді жаңаша аттестаттау тәртібін Информбюроның арнайы түсіндірме материалынан оқи аласыздар.