Air Astana әуе компаниясы 17 қарашадан бастап Нұр-Сұлтаннан Бішкекке ұшақтар қатынайтынын мәлімдеді.

Embraer E190-E2 ұшағы сенбі және жексенбі, ал желтоқсан айынан бастап дүйсенбі және жұма күндері арасында ұшатын болады. Ал Алматы мен Бішкек арасында күнде ұшақ ұшады.

Embraer E190-E2 ұшақтарының "премиум-эконом" және "эконом-класс" деген екі түрі бар.

Бішкекке ұшатын жолаушылар Қырғызстан азаматтары мен 6 жастан асқан балаларды қосқанда соңғы 72 сағат ішінде алған ПТР-тест анықтамасын ұсынуы тиіс. Тек екпенің толық курсын алған азаматтар ПТР-тест анықтамасын тапсырмайды.