2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер ұшыра бастайды.

"Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз", – делінген әуе компаниясының хабарламасында. 

А320 типті әуе кемесі сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады.