16 желтоқсаннан бастап №119/120 "Алматы – Қостанай" бағытындағы жаңа "Тальго" пойызы жолға шығады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. 

Жаңа пойыз жұп күндері қатынайды. Ол толықтай заманауи "Тальго" вагондарынан жасақталған. Бұл бағыттағы өзге пойыздармен салыстырғанда, жол ұзақтығы 12 сағатқа қысқарады. 

Пойыз 600-ден астам жолаушыны тасымалдай алады және Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды және Алматы сияқты ірі қалалар арқылы өтеді.

Бағытта заманауи Тальго вагондары пайдаланылады. Олар сапардың қауіпсіздігін және жол үстіндегі жайлылықты толық қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар бөлінген, билет құнына 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.

"Бұл шешім елдің оңтүстік пен солтүстік өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін күшейтіп, қысқы маусымда жолаушылар үшін жол жүруді едәуір қолайлы етеді", – "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.