2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго №65/66 "Астана – Жезқазған" пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады.
Жаңа бағыт еліміздің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырып, өңіраралық қатынасты жеңілдетеді. Пойыз күнара қатынайды, бір рейсте 400-ден астам жолаушы тасымалданады.
Бағытта жайлы Тальго вагондары пайдаланылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған.
"Маршруттың ұзаруы жол жүру уақытын қалыпты пойыздармен салыстырғанда 7 сағатқа қысқартады. Бұл шара ірі өңірлер арасындағы қатынасты жақсартып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын ыңғайлы етеді. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 тегін нөмірі арқылы алынады. Пойыздардың келу және жөнелту уақыты tablo-railways.kz онлайн-таблосында қолжетімді", – делінген хабарламада.
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67