1,5 млн қазақстандық несиесін уақытылы төлей алмай келеді
Елімізде 1,5 миллион адамның 90 күннен астам несие берешегі бар.8,4 миллион қазақстандықтың тұтынушылық несиесі бар, деп хабарлады Сенат отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.
Берілген тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы триллион теңгені құрайды.
"2024 жылғы сәуірдегі тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы 14,2 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде мерзімі өткен несиелердің үлесі (90 күннен астам) 1,6 трлн теңгені құрайды, бұл шамамен 12 пайызды құрайды. Тұтыну несиелерін алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн-ға дейін, оның 1,5 млн-ының мерзімі 90 күннен асып кеткен", – деді Олжас Қизатов.
Оқи отырыңыз: Жұбайының келісімінсіз несие ала алмайды: қандай мөлшердегі қаражат алуға рұқсат қажет?