Тікелей эфир

Жұбайының келісімінсіз несие ала алмайды: қандай мөлшердегі қаражат алуға рұқсат қажет?

Алдын ала сомасы 1000 АЕК (3 700 000 теңге).

1000 айлық есептік кқрсеткіштен асатын сомада несие беру кезінде банк қарыз алушының жұбайынан рұқсат сұрауға міндетті. Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның бұл нормасы талқыланды.

Бұл – алдын ала болжамды сома. Заңға президент қол қойғаннан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзінің нормативтік құқықтық актісінде 60 күн ішінде нақты соманы анықтауы тиіс.

Сенат отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов сома неліктен 1000 АЕК деңгейінде белгіленгенін түсіндірді.

"Әртүрлі өмірлік жағдайлар болады. Мысалы, жұбайлардың бірі шетелде, ал екіншісі аурухана шығындарына шұғыл түрде ақша қажет болды делік. Біз 1000 АЕК мөлшерін анықтадық – бұл 3 700 000 теңге, бұл сома өте шұғыл шығындарды жабуға жеткілікті деп есептейміз", – деді Олжас Қизатов.


Оқи отырыңыз: Жұбайының келісімінсіз несие ала алмайды: заң мәжіліске қайтарылды


Сондай-ақ, ол дәл осы соманы қабылдаудың екінші себебі – 2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларация болатынын, сол кезде еліміздің барлық азаматтары 1000 АЕК-тен асатын активтерін декларациялауға міндетті болатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары