2023 жылғы 15-20 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланды.

Бұл тестілеуге кім қатыса алады:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
  • білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
  • жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
  • білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
  • педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
  • педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар
    Оқи отырыңыз: Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарының базасы жаңарды.