14-18 ақпанда Нұр-Сұлтанда теннистен Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді
Алтын және күміс жүлдегерлер ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанады.Елордада 14-18 ақпан күндері теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Додада Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Никита Сидоров, Ерасыл Ерділдә, Жібек Құламбаева, Аружан Сагандыкова, Гөзал Айнитдинова, Дана Байдәулет, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар бақ сынайды.
Қазақстан теннис федерациясы жарыс жеңімпаз-жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы береді. Жекелей сында чемпион атанғандарға – 7 мың, финалиске – 5 мың, қола жүлдегерге 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленді. Жұптық сында сәйкесінше екі жеңімпазға – 3 мың, қос финалиске 1500 доллар берілмекші.
Сонымен қатар алтын және күміс жүлдегер ҚР спорт шебері, жартылай финалистер ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанады.
Оқи отырыңыз: Бейжің Олимпиадасында бақ сынайтын 34 спортшы ішінде кімдерден жүлде күтеміз?