13 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 576 теңгеден сатылып, 568 теңгеден сатып алынып жатыр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510—516 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,33 теңге. Еуро — 569,17.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 576 теңгеден сатылып, 568 теңгеден сатып алынып жатыр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 567 теңгеден сатып алынып, 576 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19—6,35 аралығында саудаланып жатыр.