Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510—516 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,33 теңге. Еуро — 569,17.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 576 теңгеден сатылып, 568 теңгеден сатып алынып жатыр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 567 теңгеден сатып алынып, 576 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19—6,35 аралығында саудаланып жатыр.
USD:
462.3 / 465.1
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.01 / 6.13