Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513–519 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,26 теңге. Еуро — 582,47.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,7 теңге. Ал еуроны сатып алу бағамы-582, сату құны - 586. 

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,11-6,27 аралығында саудаланып жатыр.