12 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Еуроны сатып алу бағамы-582, сату құны - 586.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513–519 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,26 теңге. Еуро — 582,47.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,7 теңге. Ал еуроны сатып алу бағамы-582, сату құны - 586. 

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,11-6,27 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары