Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492–498 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 537,40.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 493,3 теңге. Еуро 530—536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,47-5,57 аралығында саудаланып жатыр.