11 наурыздағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Еуро 530—536 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492–498 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 537,40.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 493,3 теңге. Еуро 530—536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,47-5,57 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары